Елордада педагогтердің республикалық съезі өтеді

Педагогтердің республикалық съезі қарасаңында елордаға еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден астам мұғалім келді.

Шараның аясы кең. Мұғалімдер білім берудің өзекті мәселелерін қарап, өзара тәжірибелерімен бөліседі. Білім беру сапасын артырудың негізгі тетіктерін айқындайды. Сондай-ақ «үздік педагогтерді» марапаттау рәсімін өткізу жоспарланып отыр. Астанаға бір күн бұрын келген ұстаздарға,, қала ішінде экскурсия ұйымдастырылды. Олар музыкалық драма театрында «Шәмші» спектаклін тамашалады.

Айгүл Мұқашева, салалық кәсіподақ төрағасы:

- Съездің ерекшелігі бар. Оған тек тәжірибелі емес, жас мұғалімдер де қатысады. Өзара диалог құру арқылы, саладағы проблемалардың шешу жолын қарастырады.