Адамдарға діннің тарихын оқытуымыз керек – Ғалым
Халықтың діни сауаттылығын арттыру қажет.
Әсіресе жастардың білімін жетілдіру маңызды. Көкшетаулық сарапшылар қауымдастығының өкілдері осылай дейді. Ғалымдардың айтуынша, теріс діни радикалды және экстремистік ағымдар қоғамға қауіп төндіріп отыр. Яғни жат ағымның жетегінде кеткендер әлеуметтік шиеленіс тудыруы мүмкін. Сол себепті сарапшылар оқу ошақтарында жастардың діни сауаттылығын арттыратын түрлі дәріс, сабақтар еңгізу қажет деп есептейді
Сәбит Жәмбек, ғалым:
- Мешіт пен медреселерде, жалпы мынау жоғары білім беретін орта мектептерде діннің тарихын оқытуымыз керек. Діннің бағыттарын оқытуымыз керек. Одан қашпау керек. Ол деген таным ғой, білім. Сондықтан осындай реформалар. Осылар жақсы оқытылуы керек. Жастар біздің бабаларымыз қандай жолда болғанын, қазір біздің бағытымыз қандай екенін білуі керек.