«Хабар» арнасы «Рауза. Сакура - Жас өркен» телехикаясының үшінші маусымын ұсынады

«Рауза. Сакура - Жас өркен» телехикаясының үшінші маусымы экранға шығады.

Сериал «Хабар» арнасынан ертең кешкі 21:45-те көрсетіледі.

Бұл жолы көрерменді қандай қызықтар күтіп тұр? Биылғы маусым несімен ерекше?

Аружан басты рөлдегі кейіпкер Сакураны сомдайды. Бұл актерлік карьерасындағы дебюты екен. Өз айтуынша, бастапқы қиындықтарға төзуге тура келген. Себебі жұмыс көп. Бірақ әріптестерімнің қолдауымен кейіпкерді жан-жақты ашуға тырыстым дейді.

Аружан Бекболат, актриса:

- Уайым ол ешқайда кетпейді. Ол бар. Бірақ қасымда жақсы адамдар болды. Прототипі бойынша өте жақын. Қайсар мінезді, батыл қыз. Өзіме жақын болды.

Айдар – командадағы тәжірибелі актерлердің бірі. Бұдан бұрынғы маусымда да басты рөлдердің бірін сомдаған.

Айдар Асқарбек, актер:

- Жаңа тәжірбие, жаңа қуаныш сыйлады. Бұл жерде ең қызығы бүгінгі күндер десек болады. Сонысымен қызық. Қазіргі біздің әлеуметте болып жатқан проблемаларды қозғадық. Жастарымыздың проблемасын қозғадық.

Сценарий дайын болған күннің өзінде түсірілім кезінде өзгерістер енгізілетін жағдайлар болады. Бұл ретте режиисер басқа да мамандардың ұсыныстарын ескереміз, - дейді сценарист Қуаныш Таханов. Телесериал сапалы шығуы үшін ұжымдық ауызбіршіліктің, креативтің болуы маңызды.

Қуаныш Тоханов, сценарий авторы:

- Бұл маусымдағы кейіпкерлер – егде жастағылар. Балалы-шағалы адамдар. Егер жаңа сценарий көрермендердің көңілінен шығып жатса, ары қарай жалғастыру жоспарда бар.

Айта кеткен жөн, «Рауза. Сакура - Жас өркен» телехикаясының жаңа маусымы «Хабар» арнасынан ертең кешкі 21:45-те көрсетіледі.

Авторлары: Әл-Фараби Серіков, Томирис Біләл, Диас Қобыланбаев.