БҚО-дағы ауданда «Ауыл – ел бесігі» бойынша екі жоба жүзеге асып жатыр

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы негізінде 2 жоба жүзеге асып жатыр.

Атап айтқанда, Қырқопа ауылында жаңа мәдениет үйінің, ал аудан орталығында көше жолдарының құрылысы басталды. Енді елді мекендерге кіреберіс жол салу, мектептерді жөндеу сияқты жобалар кезек күтіп тұр. 

Қырқопа ауылындағы мәдениет үйі әбден ескіргендіктен, жұмысы тоқтатылды. Нысан қазір құлыптаулы тұр. Ауылда жаңа ғимарат салынып жатыр. Бұрын басқа  елдімекендерде мәдениет үйі бір үлгіде салынса, бұл ауылға бөлек сметалық-құжаттар жалыпты.   Өйткені жергілікті тұрғындар жобаға өз ұсыныстарын айтып, өзгеріс енгізіпті. Яғни ғимарат тек мәдени ошақ ретінде емес, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған орталық ретінде де қолданылады.   Құрылысқа республикалық бюджеттен 433 млн теңге жұмсалды.     Кесте бойынша тиісті жұмыстар келер жылы аяқталу қажет.

Бектас Бегалиев, құрылыс учаскесінің басшысы:

- 30 адам жұмыс істеп жатыр. Он шақты каменщик бар. Инженерлік желілердің бәрі салынып тұр. Су кіріп тұр ішке. Теплотрасса кіріп тұр. Канализация қосулы тұр. Котельный жасалып жатыр. +Салқын түскенше ішке кіріп алу ғой, отоплениесін қосылды.

Алпамыс Қаменов, ауыл тұрғыны:

- Қай-қай жерде де мәдениет ошағы болған дұрыс қой. Сол мәдениет үйімізді сапалы етіп, жақсы етіп, уақытында бітіріп берсе екен дейміз. Болашақта тағы да құрылыстар жүреді дейді. Пока осы мәдениет үйі жүріп жатыр. 

Ал аудан орталығында 7 көшеге автожол мен жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Бұл жобаны да аяқтау алдағы жылдың еншісінде. Биылға ел қазынасынан 250 млн теңге бөлінген. Әкімдік «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында енді 3 ауылға кірме жол салуды жоспарлап отыр. 

Ерлан Қажиев, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары:

- Основная трасса бармай, пока жобасын бастамай отырмыз. Себебі ана жерде бір-екі шақырым кірме жол болады да әрі қарай жол болмайды. Облыстық жолды келесі жылы Мәштексай, Айдарханға дейін жеткізсе, уже жобаларды шығарып, жұмыстана беруге болады. 

Сонымен қатар 3 шағын ауылға мәдениет үйін салу және 3 мектепті күрделі жөндеуден өткізу міндеті тұр. «Бұл жобаларды әлеуметтік бағдарлама шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз» дейді әкімдік өкілдері.

Еркебұлан Смадияров, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов