Ақмола облысында кәсіпкер құқығы қорғалды
Ақмола облысында үш жылдан бері жер телімін ала алмаған испаниялық инвестордың құқығы қорғалды.
Кәсіпкердің ірі жобасы 63 млрд.теңгеге бағаланған. Алып кәсіпорын жылына жеті мың тоннадан астам ірі қара етін өндіруге қауқарлы. Бірнеше құзырлы орган бұл іске араласып, кәсіпкердің жобасы іске асатын болды. Шетелдік инвесторға қажетті жер телімі берілді.
Рысбек Нұрланұлы, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:
- Облыс аумағындағы облыс прокуратурасымен жалпы құны 68 млрд.теңге болатын 4 инвестициялық жоба оң шешімін тапты. Біз өз жұмысымызды жалғастырудамыз. Бүгінгі күні тағы 2 инвест жоба біздің күн тәртібімізде жоспарланған. Прокуратура органдарының алдына қойылған негізгі мақсаттарының бірі инвесторлардың құқығын қорғау және олармен заңда көзделген кепділдіктермен қамтамасыз ету болып табылады.