Ақтөбеде қызылша дендеп барады

Ақтөбеде қызылша жұқтырғандар көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері «вирус жұқты» деген күдікпен 593 адам тіркелсе, зертханалық тексеру кезінде 370 тұрғынның ауруы расталды. Көбі – қала тұрғындары.

14 жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтырғандар көп. Жаңа оқу жылы басталғалы 56 жағдай анықталған. Көбісі түрлі себеппен вакцина алмағандар екен. Сондықтан мамандар аурудан сақтанудың жалғыз жолы екпе алу екенін ескертеді.  Әзірге мектептерде шектеу шараларын енгізуге негіз жоқ дейді. Бірақ дәрігерлер науқас саны күрт өссе, емдеу мекемелерін дайындауды жоспарлап отыр.

Бақытжан Түлкібаева, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Қызылша ауруымен тіркелген науқастар амбулаторлық және де стационарлық дееңгейде көмек алуға мүмкіндік бар. Бүгінгі күнге облыста 101 кереует ашылды. Оның 28-і ересектерге және 73-і балаларға арналған. Бүгінгі күнде облыс бойынша 70 науқас ем алып жатыр.