Елордада 349 жаяу жүргінші айыппұл арқалады

Елордалық полицейлер өткен аптаның соңында «Қауіпсіз жол» іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіпке бағынбайтын жүргізушілерге, жаяу жүргіншілерге және скутер мен мопедке ерекше назар аударылды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары алғашқы күні-ақ мыңнан аса заңбұзушылықтың алдын алды.

Көлікті мас күйінде басқарған 29 жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ апаттық жағдай жасаған 34, жол үстінде телефон пайдаланған 95, қауіпсіздік белбеуін тақпаған 158, бағдаршамның қызыл түсінен өткен 41 жүргізуші анықталды. Скутер мен мопед жүргізушілеріне 81 хаттама толтырылды. 300-ден аса жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.