Мемлекет басшысы студенттің өлімін жан-жақты тексеруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды.

Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды.