Студент өліміне қатысты арнайы топ құрылды
Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін Ішкі істер министрлігінің Орталық аппараты мен Ақмола облыстық полиция департаменті «арнайы жедел-тергеу» тобын құрып, оқиға орнына шықты.
«Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы және қаза тапқан студент туыстарының «одан ақша бопсаланды» деген арызымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу басталды.