Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы. LIVE
Қазіргі жаһандық сын-қатерлер мен халықаралық қауіпсіздіктің тұрақсыз жағдайында Қазақстан түрлі өркениеттер, мәдениеттер мен халықтардың бірлігі үшін діни факторды ілгерілету және оған маңыз беру жұмыстарын жалғастырып келеді.
Сонымен қатар, Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін ұйымдастырудағы тәжірибесі әлем ауқымында үлгі ретінде танылып жүр. 2003 жылғы қыркүйекте бірінші Съезд шақырылған күннен бастап 20 жыл бойы тұрақты түрде жұмыс істеп келе жатқан осы бірегей институттың қызметі арқылы Қазақстан бүкіләлемдік қоғамдастыққа жалпыұлттық консенсус пен қоғамның шоғырлануының үлгісін көрсетті. 2003-2022 жылдар аралығында Астана қаласында өткен жеті Съезд шығыс және батыс өркениеттері арасындағы түсіністікті тереңдетуге айтарлықтай септігін тигізді, сондай-ақ дінаралық және мәдениетаралық диалогты дамытты. Қазақстанның мұндай бітімгершілік ұстанымының, әлемдік аренадағы процестерге деген жоғары жауапкершілігінің арқасында дінаралық диалогтың халықаралық орталығы ретінде танылды және құрметке ие болды. Съездің 20 жылғы жұмысының тағы бірмаңызды нәтижесі – оның институционалдық дамуы. Съезд әртүрлі күн тәртібімен, қатысушылардың ерекше форматымен, саяси икемділігімен ерекшеленеді. Қатысушылар санының өсуі және күн тәртібінде талқыланатын мәселелердің дамуымен форумның бағдарламасыда айтарлықтай кеңейді. Съездер тек пленарлық сессиялардан ғана емес, сонымен қатар бірнеше секциялық отырыстардан тұрады. Съездің жұмыс органы - оның Хатшылығы. Ол Съезд отырыстарыныңдайындығын, Съездің ұсыныстарын, күн тәртібін, декларациялар, өтініш мәтіндерінің жобаларын және Съезде қабылданатын өзге де тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Хатшылық 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезіне қатысушылардың шешімі бойынша құрылды.