Астанада балалар алиментін жымқырғандар анықталды
Астанада 87 баланың алиментіне аударылған ақша 6 ай бойы қолды болып келген.
Қаражатты бұрынғы 2 жеке сот орындаушысы қалтасына басқан. Олар қызметтерінен шетте-телгеніне қарамастан,, осындай заңсыз әрекетке жол берген. Ұрланған қаражаттың жалпы сомасы 5 миллион теңге. Бүгінгі күні прокурорлардың араласуынан кейін 34 балаға залал өтелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Дархан Дүйсембай, ҚР бас прокуратурасының ресми өкілі:
- Мысалы сот орындаушысы 2 топтағы мүгедек әкенің әлеуметтік жәрдемақы есебінен балалар үйіндегі 2 баласына аударған алимент төлемдерін жымқырған. Тағы бір жеке сот орындаушысы қайтыс болған алимент төлеушінің банктік шотынан ақша алып, оны өзінің қалауымен жұмсаған. Бүгінде прокурорлардың араласуынан кейін 34 балаға залал өтелді. Қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда. Алаяқтық және өкілеттіліктерді теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.