Мұнай қалдықтарын заңсыз сақтаған кәсіпорынға ₸923 млн айыппұл салынды

Рұқсатсыз мұнай шламын жинаған «Жылыой Болашақ» серіктестігіне сот 923 млн теңге айыппұл салды.

Компания былтырдан бері 477 тонна қара алтын қалдығын жинаған. Мұны Атырау облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы анықтады. Сот қаулысы заңды күшіне енді. Өз кезегінде прокуратура қоршаған ортаны қорғауға және тиісті нормативті қатаң сақтауға шақырады. Өйткені бұл адам денсаулығы мен өміріне тікелей әсер ететін фактор.