Атыраудағы жолшылар отбасы
Атырауда әкелі-балалы Мырзағалиевтер жол құрылысында абыройлы еңбек етіп жүр.
Дүйсенбай Мырзағалиев қос ұлымен бірге өңірдің көлік инфрақұрылымының жақсаруына үлес қосып келеді.
Сырым Датов атындағы көшенің 4 шақырымы жыл соңына дейін пайдалануға берілу керек. Сол үшін Дүйсенбай Мырзағалиев секілді мамандар таңның атысынан күннің батысына дейін тынбай еңбек етуде. Ол төселген асфальттің нығыздалуына жауапты. 20 жылдық тәжірибесі бар жолшы жауапкершілікті жоғары қояды.
Дүйсенбай Мырзағалиев, жұмысшы:
- Мынау дымқыл қоспа: шебень бәрі аралас.Қазір каток басқанда көкпеңбек болып, қатып қалады қатайып. Сосын осының үстіне 3 слой асфальт түседі. Біз катайлап болғанда 30 см болу керек қой. Артымыздан тексереді лабораториясы бар, контролі бар, тығыздығын бәрін қарайды.
Дүйсенбай Мырзағалиев қос ұлын осы салаға бейімдеген. Үлкені Әлішер басқа бригадада жұмыс істейді. Өзі секілді ауыр техниканы тізгіндеген. Ал Әлиханы шағын жүк тиегіш көлікті жүргізеді. Бала кезінде әкесімен жұмысқа еріп келіп, қызығушылығы оянған.
Әлихан Елеукенов, көлік жүргізуші.
- Кішкентай кезімізде папаның қасына еріп келетін болдық. Жұмыс жасағанын көріп, сонан кейін қызығушылық басталды жұмысқа деген. Өзіме ұнап қалды. Өзіміздің қаламыздың жолын көркейтіп, сосын осы жұмыста қалдым. Осы техникаға отырдым. Оған дейін жай жұмыскер болдым.
Әкесі үнемі жұмысқа жауапты әрі тиянақты болуды ұлдарының есіне салып отырады. Өзара әріптес болғаннан кейін де, жауапкершілік жүгі ауыр.
Абат Аққуатов, учаске прорабы:
- Мырзағалиевтер әулеті. Екі баласы бар, өз әкесімен қосып жатқан үлестері өте көп бұл жолға. Еңбектері бағаланды. Осы жақында баласы грамота алды. Премия алып жатыр.
Биыл Атырау облысында 120 шақырымға жуық автокөлік жолы жөнеледі. Бұған дейін басталған ірі жобалар жалғасын тауып, ауыл көшелері де жаңғыртылады. Осы саладағы маман тапшылығын ескерсек, өңірдегі жол құрылысында күндіз-түні тынбай еңбек етіп жүрген Мырзағалиевтердей отбасының үлесі зор.
Авторлары: Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов