Қазақстанда 111 бірыңғай сенім телефоны іске қосылды
Елімізде отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау бойынша бірыңғай сенім телефоны іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Енді азаматтар 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы әрі тегін хабарласа алады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселелері Премьер- министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың қатысумен өткен кеңесте талқыланды.
Еске сала кетейік, Жолдауда Мемлекет басшысы зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу міндетін қойған болатын.