Астанада 4 полиция қызметкері сотталды
Астанада қалалық Жедел іздестіру басқармасының 4 полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Олар жәбірленушіні жасаған қылмысын мойындату мақсатында ұрып-соққан», - дейді прокурор. Тәртіп сақшыларына қатысты Қылмыстық кодекстің «азаптау» фактісі бойынша айып тағылды. Олардың үшеуі 4 жыл, біреуі 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жалпы жыл басынан бері дәл осындай фактімен 2 қылмыстық іс тіркелген.
Ерқанат Тамаев, қалалық прокуратураның басқарма прокуроры:
- Сот отырысы ашық өтті. Себебі отырысқа видеобайланыс арқылы Полиция департаменітінің 50-ден астам қызметкері қатысып отырды. Бұның негізгі мақсаты, мұндай «азаптау» фактілері алдағы уақытта орын алмау мақсатында жасалып отыр. Себебі өздерінің бірге істеген әріптестерінің сотталушы орындығында отырып бас бостандығынан айыру жазасын алып жатқандығы туралы көрсетілімде болды.