Шымкентте Паркинсон дертіне шалдыққан науқасқа алғаш рет күрделі операция жасалды

Шымкентте Паркинсон дертіне шалдыққан науқасқа алғаш рет күрделі операция жасалды

Түркістан облысының нейрохирургтары Паркинсон дертіне шалдыққан науқасқа алғаш рет күрделі операция жасады.

Шымкентте орналасқан облыстық клиникалық аурухана базасында 57 жастағы науқастың ми жасушаларын ынталандыруға электроттар енгізілді. Сондай-ақ оның кеуде бұлшық етіне электрлік импульстар бөлетін стимулятор орнатылды. Операцияға Ресейден келген функционалдық дәрігер жетекшілік етіп, шеберлік сағатын өткізді. Операция барысында науқас есін толық біліп жатты. Дәрігерлердің айтуынша мұндай медициналық ем-дом өте сирек қолданылады. Сондай-ақ ми жасушасына зақым келтіріп алмауға көмектеседі, дейді. Жоғары технологиялық операциядан соң науқастың жағдайы жақсарып, өмір сүру ұзақтығын созуға мүмкіндік туады. Дәрігерлер келер жылдан бастап күрделі операцияны жергілікті жерде дамытуды көздеп отыр.   

Асқар Бақтияров, облыстық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Бұл жаңа технология. Біздің төңіректе бұған дейін жасалмаған. Соны енгізу әрі қарай Құдай қаласа күнделікті тәжірибеге қосу арқылы осы халыққа қызмет ету мақсатында науқастарды емдеу мақсатында жасалды. Құралдар негізі қымбат дүние. Бірақ мемлекеттік төленетін қаражат толық шығындарды жабады.