Мәжілісте спорт саласындағы мәселелер айтылды
Спорт саласына бөлінген қаражат орынсыз жұмсалуда.
Депутат Данияр Қасқарауов Мәжілістің жалпы отырысында осылай деді. Оның айтуынша, ел құрамасы 19-шы Азия ойындарында сәтсіз өнер көрсетті. Себебі саладағы қаржы тиісті жеріне жетпей отыр. Салдарынан спортшыларымыздың дайындалуына жағдай жасалмаған. Сондай-ақ депутат ауылдық жерлерде спортты дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жоқтығын да атап өтті.
Данияр Қасқарауов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бірінші, соңғы жылдары Спорт министрлігін спортқа қатысы жоқ, кәсіби спортты тек теледидардан көретін лауазымды шенділер басқарып келді. Екінші, спорт ұйымдары, министрлік, ұлттық олимпиада және федерациялар арасында байланыс жоқ. Үшінші, бізде бітпейтін легионерлердің жыры. Елімізде үздік нәтижеге қол жеткізу үшін барын салып, еңбек етуге әзір өз спортшыларымыз жетерлік. Ашығын айтқанда, мемлекеттен бөлініп жатқан қаражат орынсыз жұмсалуда.