Ауған соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш қойылды
Ақмола облысында Ауған соғысына қатысып, қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш қойылды.
Үш метрлік мүсінде қарулы қақтығыстың символына айналған әскери тікұшақ бейнеленген. Бұған Қорғалжын ауданының шебері 4 жылға жуық уақытын сарп етті. Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне жергілікті тұрғындар мен ауған соғысының ардагерлері қатысты.
Айта кетейік, Кеңес әскері Ауғанстаннан шығарылғанына биыл 34 жыл өтті. Қарулы қақтығысқа бұл ауданның 40-тан астам тұрғыны қатысқан. Олардың 9-ы елге оралмады.
Болат Еркебұланов, Ауған соғысының ардагері:
- Қайтқан жігіттерге құран бағыштап ескерткіш елге, ауылға үлгі болсын деп, жас ұрпаққа сондай іс шара ұйымдастырып жатырмыз. Оларды сыйлауымыз керек, қайтқан аға-іні жолдастарымызды. Елде бірлік болсын, ұрпақтар біліп жүрсін. Өз басым 84-86 жылы болдым, Кабул қаласында болдым.