СҚО-да елу төрт мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды
Солтүстік Қазақстан облысында 54 мың гектар жайылым жер заңсыз берілген.
Бұл туралы прокуратура қызметкерлері мәлімдеді. Олар жер қатынастары саласын тексеріп, талдау жүргізді. Белгілі болғандай, ауыл маңайындағы жер 2007-2020 жылдар аралығында жаппай жекенің қолына өтіп кеткен. Қазір сот арқылы 250-ге жуық жер телімі қайтарылып, қайтадан халық игілігіне бекітілді. Прокурорлардың айтуынша, мұндай заңсыз әрекет барлық ауданда тіркелген.
Санат Қабдоллаев, қоғамдық мүддені қорғау басқармасының аға прокуроры:
- Сонымен қатар аудандық әкімдіктермен елді мекен жерлері 114 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл шаралар жайылым жерлердің тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді. Соңғы жылдары тұрғындар тарапынан шағымдар өте көп болды.