Елордада кітапханалар жүйесінің мәселесі көтерілді

Қоғамдағы кітапханашы мамандығының беделін арттыру қажет.

Бұл туралы Елордада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында айтылды. Жиында Ұлттық құрылтайдағы кітапханалар жүйесінің мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ондағы өзекті мәселелер мен оқырман сұранысын қамтамасыз ету, салалық басылымдарға мән беру жайы сөз болды. Балалар әдебиетіне басымдық беру, кітап оқуға ынталандыру бойынша да пікірлер айтылды. Мамандар, оқырмандар санының жыл санап артып келе жатқанын айтады.

Қазірде елімізде 12 мыңға жуық кітапхана жұмыс істеп тұр. Онда 25 мыңнан астам кітапханашы қызмет етеді. Жалпы соңғы кезде кітапханаға келушілер саны 9,5 миллионға жеткен.