Ресупблика күні қарсаңында «ЕЛОРДА ДАРЫНЫ» оқушылар форумы өтті

Ресупблика күні қарсаңында «ЕЛОРДА ДАРЫНЫ» атты республикалық оқушылар форумы өтті.

Шара барысында «ЕЛОРДА ДАРЫНЫ» байқауының жүлдегерлері марапатталды. Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтайтын бұл сайыс елде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға елдің әр түкпірінен  800-ге жуық оқушы қатысып, оның 300-і іріктелген. Республика күніне орай өткізіліп отырған бұл шараның негізгі мақсаты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» жолдауын насихаттау. 

Оралхан Омаров, Шымкент қаласындағы «Абадан» мектебінің директоры:

- Жалпы бұндай іс-шаралар оқушылар үшін маңызды. Олардың білім алуға деген құштарлығын арттырады. Сондай-ақ олардың бауырмалдық құндылықатрын қалыптастырады деп есептейміз. Осындай шаралардың көбірек болуын тілейміз.

Жандарбек Мәлібеков, мемлекеттік Елтаңбаның авторы:

- Бүгінгі формуға жиналған дарынды жастарымызды, біздің болашақ Қазақсатынымыздың болашағы деп білім де, ғылым да, ақыл да, санада белсенді азаматтары болып мемлекетіміздің тіктеуіне атсалысады деп ойлаймыз.