Елордадағы Жастар театрында «Атау-кере» спектаклі қойылды

Елордадағы Жастар театрында режиссер Аслан Салбановтың «Атау-кере» спектаклі қойылды.

Оралхан Бөкей шығармасының желісі бойынша сахналанған қойылым алғаш рет ақпан айында көрермен назарына ұсынылған. С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық театрында содан бері үздіксіз көрсетіліп келеді. Енді Республика күніне орай бұл театр Астанаға 5 күндік гастрольдік сапармен келген. «Неге біз осы?» деген сұраққа жауап іздейтін Таған елорда тұрғындарына да ой салды.

Талғат Теменов, Қазақстанның халық әртісі:

- Биылғы 80 жылдығын атап өткен Оралхан Бөкей қашанда заманның жыршысы болған. Бұл жақсылықты, адамгершілікті, махаббатты дәріптей отырып бұл пьесса жолдан адасқан, қателескен тұлғаларды, жастардың бағыт бағдарына жөн сілтейтін адами спекатакль адами, бағдаршам дүние.

Құрман Қалымов, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының директоры:

- Бұл спектакльмен біз биылғы жылы екі фестивальге қатыстық. Біреуі Бикен Римованың 100 жылдығына арналған Бикен 1 халықаралық театр фестивальі Талдықорған қаласында өткен. Екіншісі 29-шы республикалық театр фестивалі Т.Қ.Жүргенов 125 жылдығына арналған театр фестивалі. Талдықорғанда ең үздік режиссураны алатын болсақ, Петропавлда ең үздік сценография номинациясын жеңіп алды.