Ұлытау облысында оқушыларға 10 автобус алынды
Ұлытау облысында шалғай ауылдардағы оқушыларды тасымалдау үшін 10 автобус алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан 462 миллион теңге бөлінді. Соңғы үлгідегі көлік аудан, ауыл мектептеріне салтанатты түрде табыс етілді. Жылдамдығы сағатына 60 шақырымнан аспайтын отандық өнім қауіпсіздік талаптарына сай келеді.
Жалпы облыс бойынша 1 мыңнан астам бала мектепке автобуспен қатынайды. Қолданыста жүрген көліктер ескі. Сондықтан биылдан бастап оларды жаңарту қолға алынды. Облыстық қазына есебінен келер жылы осындай тағы 10 автобус сатып алу жоспарда.
Дәурен Ізтілеуов, Жаңаарқа аудандық №1 мектеп-лицей директоры:
- Оқушылар қуанатын болды. Жаңаарқа ауданында бұл өте қажет. Себебі Жезқазған қаласына түрлі жарыстарға келуге және арнайы балаларды тасымалдауға жаңағы осы семинарларға, жарыстарға, олимпиадаларға әртүрлі жобаларға балаларды әкелуге өте керек дүние.