Башар Асад елінен кеткеннен кейін алғашқы мәлімдемесін жасады

Сирияның бұрынғы Президенті Башар Асад үкімет құлағаннан кейін телеграм желісінде алғашқы мәлімдемесін жасады.

Бірақ желіні кімнің жүргізіп отырғаны белгісіз. Жеке парақшасында Асад елден қашып кету мүлдем ойда болмағанын, сын сағатта Латакия провинциясындағы Хмеймим әскери базасынан Ресейге эвакуацияланғанын жазады. Онда экс президент әскери қимылдарды бақылау үшін барған. Ресей билігі шұғыл Асадты әуе жолымен Мәскеуге жеткізеді. Сондай-ақ ол ешқашан отставкаға кетуді, жеке партиядан ұсыныс алуды көздеген емес. 27 қарашада Сириядағы қарулы топ елге басып кіріп, 11 күнге созылған соққыдан соң Дамаскіні өз иелігіне алды. Іле-шала жарты ғасыр Сирияға үстемдік еткен Асад үкіметі құлады.