Алматыда 600 бозбала әскери ант берді
Алматылық 600 бозбала әскери борышын шекара қызметінде өтейді.
Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының кәсіптік-техникалық және дайындық бөлімінде алғашқы әскери дайындықтан өтіп жатқан сарбаздар ант берді. Олар аталған бөлімде алғашқы кәсіби-техникалық дайындықтан өткен. Болашақ шекарашылар тағы үш ай шеберлігін шыңдап, одан әрі шекара бөлімдеріне жіберіледі. Салтанатқа Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің ардагерлері және жас сарбаздардың жақындары да келген. Шара соңында шекара басқармасының арнайы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобы шекара бұзушыны қолға түсірудің әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Нұрлан Бердібаев, ҚР ҰҚК шекара қызметі департаментінің басқарма бастығы:
- Екі айдың ішінде біз оларды оқытамыз. Санструктор, аспазшылар болады, байланысшы мамандар шығарамыз, дайындаймыз. Одан кейін бәрі шекарамызға кетеді. Заставада, бөлімшелерде сол жақта қызмет атқарады.
Болат Құрамысов, шекара қызметінің ардагері:
- Шекараға келіп, қызмет ететін де жас сарбаздар. Міне бір жылдың ішінде әскери антын қабылдап, өмірінде бірінші рет бұл балаларымыз бір жылдан кейін әскери дайындығын біткеннен кейін ЖОО ешқандай емтихансыз түсуіне мінеки дайындық.