Елордаға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері келді
Ботаникалық бақта «Сөзден іске» ұранымен қысқа қашықтыққа жүгіруден дәстүрлі акция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шараға 800-ге жуық қатысушы қатысты. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, спорт түрлерінен әлемдік жарыстардың жүлдегерлері бар. Сондай-ақ белсенді спортпен шұғылданатын қала тұрғындары да бой көрсетті. Жаппай жүгіріс Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 75 жылдығына арналған және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Тедрос Гебрейесус, ДДҰ бас директоры:
- Халықтың денсаулығы жақсы болуы үшін көп адам салауатты өмір салтын ұстану үшін үкіметтің атқарар ісі маңызды. Кейбір елдерде көліктен бос күн деген шара бар. Ол күні ешқандай көлік пайдаланылмайды. Бәрі жаяу жүреді, жүгіреді, билейді. Осылай өздерінің белсенділіктерін көтереді. Осындай шаралар бұл жақта да орын алады деп ойлаймын.
Ханс Клуге, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры:
- Осындай керемет шара ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін. Бүгінгі марафон «Сөзден іске» деген ұранмен өткізіліп жатыр. Күніне 20 минуттық физикалық әрекет, 20 минуттық дене шынықтыру жыл сайын 20 мың адамды өлімнен сақтап қалады және осы адамдарға жұмсалатын 10 млрд еуро үнемдей аламыз.