ДДҰ еліміздің жетістіктерін жоғары бағалап отыр
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше елдердің өкілдері 23 қазанда елордада басталатын халықаралық конференцияның маңызыдылығын атап өтуде.
Онда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға жағы талқыланады. Делегаттар Қазақстан бұл бағытта көшбасшылардың бірі екенін айтады.
Бельгия, Брюссель
Дипа Раджан, Денсаулық сақтау жүйелері мен саясаты жөніндегі еуропалық обсерваторияның кеңесшісі:
"Кейінгі жылдары Қазақстан алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға мол инвестиция құйып жатыр. Әсіресе отбасылық медицина мен мультидисциплинарлық бағдарламаларға көп қаржы бөлінуде. Мұның бәрі Қазақстанның саланы мейлінше дамытуға тырысып жатқанын көрсетеді."
Швейцария, Женева
Куманан Расанатан, денсаулық сақтау саясаты мен жүйелерін зерттеу жөніндегі альянстың атқарушы директоры:
"Кейінгі уақытта дағдарыс көбейіп кетті. Пандемия болды. Климаттың өзгеруі бар. Экономикалық қиындықтар да жетіп артылады. Медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жалпы ілгерілеу байқалып отырғанын айту керек. Дей тұрғанмен, көп елде әлі де ондай мүмкіндік жоқ. Сондықтан жаһанда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту жағынан Қазақстанда атқарылып жатқан шаруалардың маңызы зор. Елдеріңіз бұл бағытта көшбасшылардың бірі. Біз мұны жоғары бағалаймыз."