Алматы облысындағы емханаға жылжымалы медициналық кешен табысталды
«Қазақстан халқына» қоры Алматы облысындағы көпсалалы емханаға скринингке арналған жылжымалы медициналық кешен алып берді.
Ол сандық маммографиямен, ультрадыбыстық жүйемен және компьютерлік томографпен жабдықталған. Осылайша қатерлі ісікті алдын ала анықтау үшін, халықты скринингпен қамту көрсеткішін 70%-ға дейін арттыру жоспарда.
Айта кетерлігі, бір ғана Алматы облысында онкологиямен 10 мыңнан астам науқас диспансерлік есепте тұр. Келесі аптадан бастап жылжымалы кешендер Алматы облысының шалғайында орналасқан Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандарына жол тартады.
Саяхат Олжаев, аймақтық көпсалалы емхананың бас дәрігері:
- Бұл жылжымалы комплекстің арқасында біздің Алматы облысының аймағына әрбір түпкі аудандарына, халқына нағыз көмек көрсетіледі. Диагностика ол. «Компьютерлік томографияны да, сәулелермен ерте алдын ала диагностикалар жасау.