ҚР Әділет министрі Республика күнімен құттықтады

Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы Тәуелсіздігімізге жол ашты.

Сондықтан бұл тарихи құжаттың маңызы зор. Әділет министрі Азамат Есқараев осылай дейді. Министр, Республика күнін - Қазақстанның басты мейрамы. Бостандық үшін күрескен бабалардың арманы ақиқатқа айналған күн деп атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Ал атаулы күн былтырдан бастап  Президенттің бастамасымен - Ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырды.

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:

- Келе жатқан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Республика күнінің ерекше атап өтуі бұл еліміздің халықаралық сахнада, өзінің дербес, Тәуелсіз ел екенін нақты декларацияда жариялағанын және өзінің халықаралық сахнада толық құқықтық статус мәртебесі бар екенін айқындап дүние жүзіне жариялауы тарихи дата деп айтуға болады.