Петропавлда Республика күні тойланып жатыр. LIVE
Солтүстік өңірі республика күні мерекесін тойлауды бастап кетті.
Аймақтың дамуына мол үлес қосқан жандар мемлекеттік наградамен марапатталып жатыр.
Дәл қазір Республика күні мерекесіне орайластырылған салтанатты шара осында өтіп жатыр. Зал көрерменге лық толы. Яғни қарапайым еңбек адамынан бастап дәрігер, мұғалім, қоғам белсендісі, құтқарушы мен жаттықтырушыға дейін бар. Бұл жанның барлығы өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуына зор үлес қосып жүргендер. Салтанатты шара барысында 30-дан астам адам түрлі мемлекеттік наградаға ие болды.
Ал қазір жиналған жұртшылықтық назарына «Менің елім, менің жерім» атты мерекелік концерт ұсынылды. Оған жергілікті көркемнерпаздардан бөлек, эстрада жұлдыздары да қатысып жатыр. Ал ертең орталық алаңда мерекелік шаралар жоспарланған. Әзір оның нақты қалай, қайда өтетіндігі белгісіз. Себебі өңірде осымен екінші күн қатарынан қар аралас-жаңбыр жауып, ауа райы тұрақсыз болып тұр.