Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
Елімізде жыл сайын 3 миллион адам медициналық және скринингтік тексеруден өтеді.
Қазір тұрғындардың сапалы ем-дом шараларын алуы үшін,, алғашқы көмек жүйесі жаңғыртылып жатыр. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай деді. Ол қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтай отырып, оларға басты байлық – денсаулық екенін еске салды.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Республика күнімен баршаңызды құттықтаймын! Барлық ақ халатты абзал жандардың атынан сіздерге бірінші денсаулық, барлығыңызға ғұмырларыңыз ұзақ болып, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!