«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында салтанатты жиын өтті

Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында да салтанатты жиын өтті.

Партия төрағасы Ерлан Қошанов түрлі салада жетістіктерге жеткен, еңбегін ел мойындаған азаматтарды марапаттады. Олардың қатарында педагогтар, дәрігерлер мен кеншілер, тіпті қарапайым шаруалар да бар. Әділетті Қазақстанды құруға ат салысып жатқан азаматтарға "Парасат", "Құрмет" ордендері және "Ерен еңбегі үшін", "Шапағат" медальдары және "Белсенді қызметі үшін" партиялық марапаты табысталды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Ұлытауда өткен құрылтайда Мемлекет басшысы осы атаулы мерекені қайта жаңғыртты. Тарихи ақиқат қалпына келді. Дәл осы күні Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған мемлекеттік Егемендік туралы декларация қабылданды. Міне, бүгінгі таңда Республика күні ұлтымыздың ынтымағын, халқымыздың береке-бірлігін паш ететін игі дәстүрге айналып отыр.