ҚР Еңбек сіңірген қайраткері баршаны ұлттық мерекемен құттықтады
Тәуелсіздікке жол ашқан Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы – ел экономикасы мен мәдениетінің дамуы үшін жасалған маңызды қадам.
Атыраулық зиялы қауым ұлттық мерекені бабалар арманының шындыққа айналған айтулы күні деп бағалайды. Елімізге белгілі әнші-сазгер Гүлмайдан Сүндетова былтыр Республика күнінде мемлекеттік марапат алып, қуанышты сәттің куәсі болды.
Гүлмайдан Сүндетова, әнші-сазгер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Құрметті Отандастар! Құрметті Қазақ елі! Республика күні құтты болсын! Республика күні – мен үшін қуанышты күн! Мемлекетіміздің ең жоғарғы марапаты – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері деген марапатқа ие болдым. Егемендік бізге, соның ішінде мәдениет саласындағы адамдардың өсуіне, жалпы өзінің дамуына үлкен үлесін берді деп ойлаймын. Қазақстан халқына бақыт, шат ғұмыр болса деген тілегім бар.