Петропавлда емхана ашылды
Петропавлда Республика күні қарсаңында емхана ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Емдеу мекемесі қаладағы жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Жас өркен» ықшам ауданында салынды. Оның құрылысына 2 млрд теңге бөлінді. Нысан толық заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Енді тұрғындар барлық медициналық талдауды ешқайда бармай-ақ осында тапсыра алады. Сонымен қатар дәрігерлер науқастарды озық кабинеттерде қабылдайды. Жаңа емханаға 32 мың адам тіркеледі. Жалпы облыс бойынша алдағы жылдары 50-ге жуық денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі.
Нұрболат Иманжанов, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Солтүстік Қазақстан облысында «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 46 медициналық нысаның құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда оның 7-еуі салынып жатыр. Мысалы, шалғайдағы Кішкенекөл ауылында дәл осындай заманауи емхана бой көтереді.