Талдықорғанда мұз айдыны ашылды
Жетісу облысының орталығында бұрын-соңды мұндай нысан болмаған.
Мың жарым шаршы метрлік кешенде хоккей ойнап, мәнерлеп сырғанап, кёрлинг және шорт трекпен жыл бойы жаттығуға болады. Сонымен қатар парахоккеймен де шұғылдануға мүмкіндік бар. Халықаралық талаптарға сай келетін арена аймақтағы қысқы спорт түрлерінің дамуына тың серпін беруге тиіс. Себебі қазір олимпиадалық санаттағы ойындардың үйірмесіне мыңнан аса бала жазылған.
Тоқтар Ахметов, облыстық қысқы спорт түрлері федерациясының басшысы:
- Қазақстан бойынша мұз айдындары барлық облыстарда бар. Бізде міне ашылып отыр. Осы жерде балалар күні түнімен дайындалып, үлкен жетістіктерге жетеді деп ойлаймыз.