ШҚО-да жолдар қарқынды жөнделіп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында көлік көп жүретін жергілікті жолдар қарқынды жөнделіп жатыр.

Мәселен жаз бойы "Өскемен-Тарғын-Самар" тасжолына ерекше басымдық берілді. Өйткені бұл бағыт облыс орталығын 4 ауданмен байланыстырады. 

Эльмира Ахметова, тілші:

- Өлкеде Омбы-Майқапшағай жолының әлі күнге дейін жөнделіп, бітпей жатқаны  белгілі. Сондықтан  Өскемен Самар трассасында бүгінгі күні көлік ағыны көп.Өйткені тек Самар мен Күршімге ғана емес, Зайсан Тарбағатай,Көкпектіге ел осы жолмен қатынауға мәжбүр. Мамандардың айтуынша жазда бір тәулікте осы трассамен 2500 көлік өтеді.

Ержан Сембиновтың көлік рульінде жүргеніне 40 жылдан асыпты. Бүкіл тірлігі темір тұлпарға қарап тұр.Жолдың  жайын бір адамдай  жақсы біледі.Айтуынша жыл өткен сайын  Самармен Тарғынға баратын трассаның түтесі шыға бастаған.Сондықтан әбден тозып кетпей тұрғанында жөнделгеніне қуанышты.

Ержан Сембинов, көлік жүргізушісі:

- Енді негізгі трасса осы ғой, осымен жүреді көбі, жол жақсы болса, қай жол жақсы болса, сонымен жүреді ғой. Асубұлақ тұрғындары, Тарғын тұрғындары Өскеменге кеп жұмыс істейді ауылда жұмыс жоқ, күнделікті жүретін жол әрине маңызды.

Самарға баратын трасса тау ішімен өтеді. Өр де, еңіс те,бұрылыс та көп. Қазір 30 шақырымы тақтайдай болды. Енді 13 шақырымы аяқталуға жақын. Мамандардың айтуынша, қайта жаңғыртылатын учаскелер бекерден-бекер таңдалмайды.

Нұрбек Тұраров, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:

- Көлік қарқынына қараймыз, жол жағдайына қараймыз,тұрғылықты тұрғындардың өтініші болады,соған баланысты қарастырып,жөндеу жұмыстары атқарылады, соған орай жол көлік оқиғаларының статистикасына да қараймыз.

Жолдың сапалы жөнделуі де басты назарда. Қолданылып жатқан материалдар нашар болса, ой-шұңқырға қайта толып шыға келеді дейді сарапшылар. Мәселен осы Өскемен,Тарғын Самар бағытындағы жұмыс барысы 10 рет тексеріліпті.

Саяхат Мұсапыров, облыстық "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" бөлім басшысы:

- Тарғын самар жолында 3 телім бар,бұл телімге онға жуық тексеріс жүргіздік 70-ке жуық материал алдық.Материалдар нормаға сай келетіні анықталып жатыр.

Биыл аймақта 390 шақырымнан астам жолдар мен көшелерді жөндеу жоспарланса соның 84 проценті аяқталды. Халық қалауымен Үлкен Нарын -Күршім, Күршім- Қалжыр,Шілікті Ақжар жолдары да қалыпқа келтірілді.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов