Республика күні – ұлттық рухты көтеретін мереке
Осыдан 33 жыл бұрын Мемлекеттік егемендік туралы декларацияға қол қойылып, маңызды құжаттың арқасында Қазақ елі жаңа белестерге ұмтылды.
33 жылда ел экономикасы қарқынды дамыды. Атырау облысында жаңа мұнай кен орындары ашылып, қара алтын игеру көлемі артты. Соның арқасында мұнайлы өлке – ел доноры атанды. «Республика күні – әр қазақстандық қуана күтетін мерекеге айналуы керек», - дейді, мұнай-газ саласының ардагері Мақсым Ізбасов.
Мақсым Ізбасов, мұнай-газ саласының ардагері:
- Қиыншылықтар Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары өте көп болды. Ол қиыншылықтарды біртіндеп-біртіндеп жеңіп келе жатырмыз. Абай атамыз айтқандай: “Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі - бос” деп. Қазаққа керегі тек қана бірлік, ауызбіршілік. Қазақ елі көркейе берсін! Жаңа жетістіктерге жете берсін. Қазақстанның халқы осы жетістіктерге куә болып, елдің экономикасын арттыруға белсенді араласып, өзінің үлесін қосуға тиіс деп есептеймін. Мереке құтты болсын!.