Құрылыс кодексіне өзгеріс енгізу жобасы пысықталды

Құжаттың жобасы бүгін кезекті рет пысықталды.

Сәулетшілер, құрылыс компаниялары, кәсіпкерлер мен тұрғындар тарапынан 500-ден астам ұсыныс түскен. Қазірдің өзінде сала қызметін реттейтін екі жарым мың құжат бар. Бірақ оның мазмұны бүгінгі талапқа сай келмейді. Қағазбастылық көп әрі жемқорлыққа апаратын жолдар да аз емес. Оның үстіне құрылыс метериалдары жаңа елдерден келіп жатыр. Яғни заңнаманы өзгерту - уақыт талабы. Мамандар әсіресе сейсмикалық талапты күшейтуге ниетті. Елде қазір үш жарым миллион адам осындай қауіпті аймақта тұрады. Ол жерлерде нысандар салу үшін жаңа ереже бекітілмек.

Тимур Қарағойшин, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

- Бизнеске көмектесеміз деп құрылыс нормаларына көбірек жеңілдік жасадық қой. Онымен көмектесеміз дегенмен, ол басқаша болып шықты. Құрылыс деген бұл адамдардың өмірінің қауіпсіздігі. Біздер осы кодексті осы жылдың аяғына дейін мәжіліске кіргізуіміз керек.