«АрселорМиттал Теміртаудың» металлургтері мен кеншілері сыйлық жасады

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының металлургтері мен кеншілері Республика күніне орай ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне бірнеше велосипед сыйлады.

Енді балалар ашық аспан астында серуендеп, дағдыларын дамытуға керемет мүмкіндік алып отыр.

Республика күніне байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлері атынан сыйлық алған балалардың қуанышында шек жоқ. Олар бірден қаптамасын ашып, жаңа велосипедпен мектеп ауласында серуендеуге асықты.

Блиц:

- Мен өте қуаныштымын. Мен велосипедті тебуді білемін. Үлкен рақмет бізге велосипедтер сыйлағаны үшін.

- Барлықтарыңызға рақмет! Біз қуаныштымыз, мен велосипед тебемін.

Орталықта ерекше білім беру қажеттіліктері бар 112 бала тәрбиеленуде. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы бірнеше жылдан бері мұндағы балаларға қолдау көрсетіп келеді.

Эльвира Килибаева, "Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы" КММ директорының орынбасары:

- Біздің ұйымдастырушы «АрселорМиттал Теміртау» 10 жыл бойы бізбен бірге жұмыс жасайды. Үлкен, керемет іс-шаралар өткіземіз. Әрқашанда біздің балалардың қуанышына ортақ болады. Мерекеге орай бұл кісілер келіп, үлкен сыйлық жасап жатыр. Балалардың эмоциялары деген қандай.

Қазан айының басында «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында веложарыс өткен еді. Оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында өз сыйлықтарын балалар үйінің тәрбиеленушілеріне беру туралы шешім қабылдағандар да болды.

Металлургтер мен кеншілер осылайша игі іс жасап, көпке үлгі болып отыр. Авторлары: Достық Талғатұлы, Ернар Нысанбай