Рудный қаласында студенттер арасында зияткерлік ойын өтті
Қазақстан халық партиясы мен өңірлік тұтынушылар одағы ұйымдастырған бұл шара Республика күніне арналды.
Білім сайысына түскендер Қазақстан тарихы, мәдениет, өнер тақырыбындағы сұрақтарға жауап берді. Ойынға Рудныйдағы университет пен алты колледждің студенттері қатысты. Жеңімпаздар мақтау қағазымен, ақшалай сертификатпен марапатталды.
Ольга Березуцкая, Қазақстан Халық партиясы ОФ төрағасы:
- Рудный қаласында, облыс орталығында да зияткерлік ойындар ақылы негізде өтеді. Әр команда шамамен 10 мың тенге төлейді. Ал біз тегін ұйымдастырып, ақшалай сыйлықтар беріп жатырмыз. Партияның мақсаты – жастарды барынша қолдау. Сондықтан бұл жұмыс жалғаса береді.