Ақмола облысындағы ауылдар 2027 жылға дейін жоғары сапалы интернетпен қамтылады

Ақмола облысының 300-ден астам ауылы 2027 жылға дейін жоғары сапалы интернетпен қамтылады.

Басты басымдық облыс орталығынан шалғай орналасқан елді мекендерге беріледі. Бұл туралы аймаққа жұмыс сапарымен келген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Сонымен қатар ол тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қазір облыс тұрғындарының 87 пайызы ғана интернетпен қамтылған. Министр «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуге сенім білдірді. Бұған қоса республикалық маңызға ие тасжолдардағы ұялы байланыс пен ғаламтор мәселесі де шешімін табатынын жеткізді.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Астана мен Бурабайдың арасындағы трассада кей жерлерде интернет ұстамайды, әлде мүлдем сотка ұстамайды. Сол мәселерді үшін біз арнайы трансферт ретінде қаражатты бөлеміз облыстарға. Облыстар сол керекті жерлерге қажетті антеларды орнатады. Сол антена мачттық құрылғыларға біз операторлармен бірігіп, базалық станция орнатамыз. 473 сондай антена 2027 жылға дейін  орнатылып, негізгі автотрассалардағы интернет мәселесі шешіледі.