Жоғалған шахтерлерді іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізіледі
Жоғалған кеншілерді іздеу-құтқару жұмысы тәулік бойы және олар табылғанша жүргізіледі.
Бұл туралы Костенко шахтасындағы қазіргі жағдайы бойынша өткізілген алғашқы брифингте айтылды.
Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:
"Соңғы ақпарат бойынша, 33 кенші қайтыс болды. 13-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Прокуратуа органдары жауапты тұлғаларды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Апат себебін анықтау мақсатын үкімет комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Іздеу-құтқару жұмысы жалғасып жатыр".
Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі
"Іздеу-құтқару жұмысына кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 50 маманы және 12 бірлік техника жұмылдырылды. Жұмыс ең соңғы кенші тірідей не мәйіті табылғанша үздіксіз жүргізіледі. Олардың туыстарына көмек көрсету ісіне дәрігерлер мен психологтар тартылған".