Апат себебін анықтау комиссиясы отырыс өткізді
Премьер-министр Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасында болған өрттің себептерін тергеу және зардаптарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссияның отырысын өткізді.
Жиында шахтадағы қазіргі ахуал, құтқару жұмыстарының барысы және өзге де қабылданып жатқан шаралар туралы толық ақпарат берілді. Премьер-министр кәсіпорындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі шешілмеген өткір күйінде қалып отырғанын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшысы Қарағанды облысының әкімдігіне Төтенше жағдайлар министрлігі және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, апатты жою жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетін болады, деді Әлихан Смайылов.