Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай көмек береді?
Қарағанды облысының әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Костенко атындағы шахтада опат болған жұмысшылардың отбасы мүшелерінің тізімін жасап жатыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға толыққанды көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, келесі қолдау шаралары қарастырылған. Компания қаражаты есебінен отбасыға баспана сатып алу, моральдық зиян үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде бір жолғы төлем, балаларға 18 жасқа толғанға дейін ай сайынғы сақтандыру төлемі, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалақысына байланысты ай сайынғы төлем, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, жұмыс берушінің қаражаты есебінен отбасының несиесін және жерлеуге байланысты барлық шығынды өтеу, опат болғандардың балалары мен жұбайын жұмысқа орналастыру, 23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысын төлеу, көз жұмғадардың жұбайы мен балаларына курорттық емделуге жолдама беру, үйін пешпен жылтатын отбасыға жыл сайын көмір бөлу.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі