Қарағанды шахтасында болған апатқа байланысты шетел басшылары көңіл айтты
Қарағанды шахтасында болған апатқа байланысты, алыс-жақын шетел басшылары, қайғыра көңіл айтып жатыр.
Олар қаза тапқан кеншілердің отбасыларына сабыр тілеп, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Соның ішінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, телефон арқылы көңіл айтты, жеделхаттарын да жолдады. Ресей Президенті Владимир Путин, Франция Президенті Эм-мануэль Макрон, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Беларусь, Армения елдерінің президенттері мен ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұлтан Раев және басқалары, жеделхат жолдады.