Мәулен Әшімбаев қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты
Қарағанды облысында болған қайғылы апатқа байланысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, қаза тапқан кеншілердің туған-туыстарына көңіл айтты.
"Бүгін елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні. Кеншілердің қазасы, тұтас халқымыздың қабырғасын қайыстырып кетті. Апат салдарынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамыз және сабыр тілейміз. Зардап шеккен кеншілердің сауығып, тез арада қаТарға қосылуына тілекшіміз. Қазіргі таңда жағдай толық бақылауда. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы жақын арада мемлекет меншігіне өтеді. «Бұл, еліміздің ең қымбат қазынасы, адам және оның өмірі екенін, сондай-ақ, аталған қағида, барлық мүдделерден әрдайым жоғары тұратынын көрсететін маңызды қадам. Елімізге және әр шаңыраққа амандық тілейміз. Енді мұндай қайғылы оқиғалар ешқашан қайталанбасын» - деп, Жоғары палата төрағасы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған.