Апаттан зардап шеккен кеншілер жан-жақты ем алып жатыр
Апаттан зардап шеккен кеншілерге жан-жақты медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Олардың дені Хафиз Мақажанов атындағы облыстық клиникада жатыр. Қарағанды, Абай, Шахтинск қалаларындағы ста-ционарларға 28 адам жеткізілген, соның 24-і әрі қарай ем алу үшін ауруханада қалды. Жарақат деңгейі әртүрлі. Жеңіл және орташа дәрежеде, газдан уланудан бөлек, кейбірінің миы шайқалып, бас сүйгені сынған, өкпелеріне зақым келген.
Бибігүл Төлегенова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Барлық пациент тиісті диагностикалық тексерістен өтті. Оларға нейрохирург, травматолог, терапевт, токсиколог пен психологтар дамылсыз көмек көрсетіп жатыр. Облыстағы мамандармен қатар республикалық ғылыми орталықтардың дәрігерлері де зардап шеккендердің жанында.