В. Басин: Әлеуметтік кепілдіктерді сақтаймыз
«АрселорМиттал Теміртау»-дың меншік иегерінің ауысуына байланысты жұмысшылар алдындағы міндеттемелер еш өзгермейді.
Еңбекақы төлемі мен әлеуметтік кепілдіктер толық сақталады. Бұл жөнінде Қарағанды облысы әкімінің экс-орынбасары Вадим Басин мәлімдеді. Оның сөзінше, бірінше кезекте, шахталарда еңбек қауіпсіздігін арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Вадим Басин, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары:
- Жұмыс жағдайы, еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктерде еш өзгерістер болмайды. Барлығы сақталады. Тіпті жақсара түседі десек те болады. Бұл – компанияның әлеуметтік жауапкершілігі мен ары қарай жұмыс істеуі үшін қажет дүние. Ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, барлығының да құқығы сақталады.