Жамбыл облысындағы барлық елді мекенге таза су беріледі

2025 жылға дейін Жамбыл облысындағы барлық елдімекенге таза су беріледі.

Бұл бағыттағы жұмыстар Жуалы ауданында қарқынды іске асып жатыр. Биыл ондағы 6 ауылға орталықтандырылған ауыз су желісі тартылды.

Кеңестік кезеңде Бәйтерек ауылында орталықтандырылған ауыз су жүйесі болған. Бірақ тоқырау жылдарында құбырлар тозып, жарамсыз болып қалған.   Кейін ауыл жұрты құдық қазып алып, бүгінге дейін соның суын ішкен.

Сәрсен Зәуірбеков, Бәйтерек ауылының тұрғыны:

- Азанда шығып кетіп 2-3 шелекпен содан үйге сағат 3 терде 2 ден аса үйге 2 шелек су алып келеиміз. Очередь. Үлкен кісілерді жіберу керек. Олардың жаңағы сайдан суын алып көмектесеміз. Сөйтіп судың қорлығын көргенбіз.

Биыл бюджеттен қаржы бөлініп 1600 ден аса тұрғыны бар елді мекендегі мәселесі шешілді. Су тарату станция салынып, ауыл ішілік құбырлар жүргізілді. Енді тұрғындар есік алдына келіп тұрған су желісіне қосылады.

Арай Елмұратова, Бәйтерек ауылының тұрғыны:

- Келін болып түскеніме 6 жыл болды. 6 жыл бұрын біз құдықтан алатынбыз суды. Қазір жақсы болды кәдімгідей қолымыз жеңілдеп қалды. Бірінші су ғой керегі. Соны қолданып келіндерге бүткіл адамдарға ыңғайлы қазір су бар. Қаладан кем емес. Кір машинаға мысалы напор керек. Кәдімгідей напоры да жақсы. 

Жуалы ауданында 49 елді мекеннің 42-сі таза ауыз сумен қамтылған. Тағы екі ауылға тіршілік нәрін жеткізу үшін жобалық құжатта әзір. Ал халық саны аз қалған 5 ауылға кешенді блоктық модульдер орнатылады.

Медет Дамиров, Жуалы аудандық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Ағымдағы жылы 6 елді мекенге таза ауыз су тартылды. Жалпы соммасы 1 миллиард 300 миллион теңгеден астам. Оның ішінде 3 елді мекенге ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілді. Дәл осындай су тарату нысаны арқылы ауыз су таратылатын болады. Қалған 3 елді мекен атап өткендей халық және аула саны аз болғандықтан суды тазартудың кешенді блок модулі орнатылды. 

Жалпы Жамбыл облысындағы 367 елді мекеннің 297-сіне ауыз су желісі тартылған. Облыс билігі жоспар бойынша қалған ауылдарға 2025 жылға дейін тіршілік нәрін жеткізбек. 

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев