Павлодар облысының 119 елді мекені тегін wi-fi пайдаланатын болады
Интернет тарату құрылғылары мәдениет үйлері мен мектептерге орнатылады.
Кешенді жұмыстар «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында атқарылады. «Келесі жылы интернеті жоқ басқа ауылдарға да жеткіземіз»,-дейді мамандар. Мәселені шешуге аймақтағы ірі өндіріс ошақтары атсалысады. Мемлекеттік мекемелер демеушілермен келісімге келді. Павлодар қаласының орталық жағалауы да wi-fi-мен қамтылды. Келесі жылы демалыс орнында тегін интернет тарататын төрт терминал іске қосылады. Әр құрылғы бір мезетте төрт мың тұрғынды сапалы интернетпен қамтамасыз ете алады.
Елнұр Өтебаев, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:
- 11 елді мекенде интернет мүлдем жоқ. Тағы 22 елді мекеннің халқы сапалы байланысқа қол жеткізе алмай отыр. Мобильді интернет жұмыс істеп тұр, бірақ, сапасы нашар. Ал сым арқылы таратылатын ғаламтор байланысы әлі күнге дейін орнатылмаған. Бұл ауылдарды «Қолжетімді интернет» жобасындағы тізімге енгіздік. Мәселе салалық министрлік өкілдерінің басты назарында.